23
январь
2023
«Мейірімділік- асыл қастет»
Ағымдағы жылдың 18.01 күні әлеуметтік педагогтар Музарапова И., Оразымбетова Д. «Мейірімділік- асыл қастет» тақырыбында 7 «Ә» сыныбында біріңғай сынып сағатын өткізді. Сабақ барысында мұғалімдер оқушыларға мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттер екенін айтып түсіндірді. Тәрбие сағатын өткізудегі негізгі мақсат – қатыгездіктің алдын алу, мейірімді, шапағатты болуға тәрбиелеу болатын, әрбір оқушы кішкене болса да мейірімділік қасиетінің қаншалықты маңызды екенін түсініп, көкейлеріне ой түйді деп ойлаймыз.