02
ноябрь
2023
11-сыныптарда қорытынды аттестаттау пәндері бойынша әкімшілік бақылау
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 16 наурыздағы № 125 бұйрығына 1-қосымша, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі 2023 жылдың 13 сәуірдегі № 96 бұйрығына 1-қосымшасына сәйкес, Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 2023-2024 оқу жылында 11-сыныптарда қорытынды аттестаттау пәндері бойынша әкімшілік бақылау алынды.
Аталған бақылау қазақ тілі, орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы және таңдау пәнінен болды. Нақтырақ айтқанда, 16 қазан күні қазақ тілі мен орыс тілі, 19 қазан күні қазақ сыныптарынан орыс тілі, орыс сыныптарынан қазақ тілі пәні, 17 қазан күні математика, 18 қазан күні Қазақстан тарихы пәні, 20 қазан күні таңдау пәнінен әкімшілік бақылау жүргізілді.