03
ноябрь
2023
9-сыныптарда қорытынды аттестаттау пәндері бойынша әкімшілік бақылау алынды
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 16 наурыздағы № 125 бұйрығына 1-қосымша, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі 2023 жылдың 13 сәуірдегі № 96 бұйрығына 1-қосымшасына сәйкес, Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 2023-2024 оқу жылында 9-сыныптарда қорытынды аттестаттау пәндері бойынша әкімшілік бақылау алынды.
Аталған бақылау қазақ тілі, орыс тілі, математика және таңдау пәнінен болды. Нақтырақ айтқанда, 17 қазан күні қазақ тілі мен орыс тілі, 18 қазан күні орыс сыныптарындағы қазақ тілі және қазақ сыныптарындағы орыс тілі пәнінен, 16 қазан күні математика, 19 қазан күні таңдау пәнінен әкімшілік бақылау жұмысы жүргізілді.