04
январь
2024
Ағылшын тілі бірлестігінде ӘБ отырысы
03.01.2024 күні Ағылшын тілі бірлестігінде ӘБ отырысы өтті. Әдістемелік бірлестік отырысына ДОІЖО Литвинова Е. С. қатысты. Күн тәртібінде:
1. ІІ тоқсан бойынша білім сапасының қорытындысы (І тоқсан білім сапасымен салыстыру)
2. І жартыжылдық бойынша ағылшын тілі бірлестігінің шығармашылық жұмыс есебі, жетістіктер, атқарылған жұмыстар.
3. Пәндік олимпиадалар мен халықаралық тестілеу (IELTS) жүйесіне дайындық жұмыстарының жүргізілу сапасын талдау.
Аталған мәселелер бойынша өзгерістер мен жүргізіліп жатқан жұмыстар есебі талқыланды.
Ұсыныс:
1. Білім сапасын арттыру мақсатында сабақтарда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану.
2. Пәндік олимпиаданың жеңімпаздарын дайындау жұмыстарын пысықтау. Жүйелі дайындық жүргізу
3. Халықаралық тестілеуге сапалы дайындық жүргізу.
4. ІІ жартыжылдыққа шығармашылық жұмыс жүргізу бойынша нақты жоспар құру, оны жүзеге асыру.