22
январь
2024
І.Жансүгіров "Құлагер" поэмасына талдау өтті.
22.01.2024ж кітапханада 8-9 сыныптар аралығында
І.Жансүгіров "Құлагер" поэмасына талдау өтті.
І.Жансүгіровтың "Құлагер " поэмасы мазмұндық ерекшелігі бойынша керемет туынды. Ақан серінің Құлагер атты тұлпарының кісі қолынан өлтірілуі Ақанға зор қайғы болады. Құлагерге арнап шығарған "Бай, Бай Құлагерім-ай" атты өлең толғауы елді толғандырмай қоймайды.
Біз «Құлагер» поэмасының құдіретіне ден қоюға оқушыларды бағыттауды мақсат еттік.
Өзге поэмаларға қарағанда, бұл поэманың сюжеттік-композициялық бітімінде өзгешелікте бар екені рас.
Осы орайда оқушыларға сұрақ қою барысында поэманың мән жайын ашып,өз ойларын анық айтып поэма кейіпкерлерін суретей отырып өмірге деген құштарлығын оятауға шақырамыз.
1.Шығармадағы Ақан бейнесі қазіргі өмірде кездесе ме ?
2. Шығармада қандай әлеуметтік-қоғамдық мәселе көтерілді ?
3. Арманыңа жету үшін не істейсің ?
Қорыта келгенде, бұл оқиғаға қанық әрбір адам алты алаштың арқалы азаматы, өз заманында әділетсіздіктің құрбаны болып, рухани дағдарысқа ұшырағанына қапаланамыз. Барлық адамзат баласы пейілін кеңге салып, жүрегін мейірімге толтыратын болса мұндай мәселелер болмас еді. «Қолда бар алтынның қадірі жоқ»- демекші кез келген нәрсенің қадірін білейік.