17
февраль
2024
"Мен Қазақстандықпын"
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 16 ақпан 2024жылы “Орыс тілі мен әдебиеті” бірлестігінің ұйымдастыруымен 5-10 қазақ және орыс сыныптары арасында "Мен Қазақстандықпын" атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың патриоттық сезіміне деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсінетін дарынды оқушыны анықтау.
Байқауға барлығы 23 оқушы қатысты.
Байқаудың шарты бойынша оқушылардың жүріс-тұрысы, сахна мәдениетін ұстауы үлгілі дәрежеде болуы тиіс. Байқаудың нәтижесі бойынша үздік атанған оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Байқауға қатысқан белсенді оқушыларға Алғыс хат берілді.