20
февраль
2024
1-Наурыз Алғыс айту күні
Бүгін, мектебімізде "Халықтың алғысы - ұлы марапат" тақырыбында іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Білім алушылардың жанұяға, ата-анаға, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынастарын дамыту. Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек ,ізеттілік туралы түсінік беру, бір-бірімен үйлесімді қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу болатын.
Осы бағытта 9-сынып жетекшілері Сейтова А, Сулаева Г, Гайдукова Т оқушылармен әдеби концерттік іс шара ұйымдастырды. Іс-шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Тілеубаев Мақсат мырза, өзбек халқының этномәдени бірлестігінің жетекшісі Омаралиев Мамыржан мырза, славян ұлтының азаматшалары Язынина Надежда Михайловна, түрік ұлтының азаматшасы- Мустафаева Зоя Хусеиновна, кәріс халқының этно мәдени жетекшісі Ли Оксана қонақта болып, оқушыларға ізгі тілектерін білдірді. Мектеп басшысы Н.Сейсенбаевна қонақтар мен оқушыларға бұл мерекенің маңыздылығын кеңінен түсіндіріп, Алғыс айту барша адамзат баласына арналғанын жеткізді. Әрдайым қарапайым, алғыс айтып жүру, ризашылықтарын білдіру біздің құндылығымыз екенін түсіндірді. Өмірге риза болып, алғыс айт-деп халық даналығында айтылғандай адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рақмет деп "- алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылықтарын білдіру, өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.
@ogu_agartu_ministirligi
@ganibeisemdayev
@medetbekovameruert...