01
март
2024
Кезектен тыс ата – аналар жиналысы
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – лицейінде кезектен тыс ата – аналар жиналысының анықтамасы
Күні: 01.03.2024ж
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп лицейінде 1 – наурыз күні жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында ата-аналармен мектеп директоры Н.С. Койшиманова жиналыс өткізді. Жиналыстың мақсаты: «8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай мектеп басшысына, әкімшілігіне, ұстаздар қауымына заттай сый-сияпат алуға, ата-аналар тарапынан себепсіз ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынатындығы туралы хаттамамен таныстырып, ескертіп өтті. Мұғалімдерге ақшалай немесе заттай сыйлықты беріп жатқан да, оны алған тұлғаға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің баптарына сәйкес, 10 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар алу, жеңiлдiктер беруi немесе қызметтер көрсетуі әкімшілік, ал 2 мың айлық есептік көрсеткіштен асса қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатындығы туралы ата – аналарға ескертілді. Сондықтан мереке күндері мектеп аясында ешқандай ақша жиналмауы жайында қатаң ескертіп, түсіндіріп өтті.