Жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында педагогтермен, ата-аналармен түсіндіру жұмыстары
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 2024 жылғы 28 ақпан № 362 хатына сәйкес жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында педагогтермен, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігі туралы айтып өтті. «8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай, мектеп әкімшілігіне, ұстаздар қауымына заттай сый-сияпат алуға, қатаң түрде тыйым салынатындығы туралы арнайы жиналыс өткізілді, қолхат алынып, атқарылған іс-шаралар мектеп сайты мен әлеуметтік желілеріне жарияланды. Ақшалай не заттай сыйлықты беріп жатқан да, оны алған тұлғаға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің баптарына сәйкес, 2 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар алу, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі әкімшілік, ал 2 айлық есептік көрсеткіштен асса қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатындығы ескертілді.