16
март
2024
"Вандализм" және "Сананы уландырған діни экстремизм"
2024 жылдың 15 наурыз күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде ДҚТЖО А.Иманжанов және теолог маман Ғ.Толганбай ұйымдастыруымен 9-10 сынып оқушыларына арналған "Вандализм" және "Сананы уландырған діни экстремизм" тақырыбында тәрбие шарасын өткізді. Іс-шара барысында А.Иманжанов елімізде «вандализм» ұғымына кіретін әрекеттерді көп жағдайда жастар қауымы жасап жатады. Конституцияда әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 448-бабы бойынша кәмелетке толмаған жасөспірім мемлекет қорғауындағы ғимарат, тарих және мәдени ескерткіштерді, қабірді сурет салып, қорласа, қоғамдық мүлікті қасақана бүлдірсе, ата-анасы не оларды алмастыратын адамға 15 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынатындығын айтып өтті. Ғ.Толғанбай өз кезегінде еліміздің заңнамасына сәйкес республика аумағында діни алауыздықты қоздыруға, экстремизм мен терроризмді насихаттауға және ақтауға бағытталған ақпараттық материалдарды таратуға тыйым салынатындығы туралы айтып , аталған тақырыпта видеоролик көрсетті.