04
июнь
2024
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы»
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 2023-2024 оқу жылында Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар
Биылғы оқу жылында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар ұрпақ тәрбиелеу.
Ел бірлігін нығайту, әділетті қоғам құруға қабілетті, білімді, адал ұрпақты тәрбиелеу. Ұлттық құндылықтарымыз «Ұлттық мүдде», «Ар-Ұят», «Талап» бағытында Ата-аналарды педагогикалық қолдау сабақтары өткізілуде. 1-4 сыныптарда қазан айынан бастап 7сабақ, 5-9 сыныптар арасында 7 сабақ, 9-11 сынып арасында 7 сабақ өткізілді.
Тақырыптар: «Отбасы – бақыт бесігі», «Білімдіге дүние жарық», «Әрбір бала – жарық жұлдыз», «Баланы жастан....Бала бойындағы тапқырлық пен эрудицияны қалай дамытуға болады?», «Құмар ойындары – тәуелділік қақпаны», «Сенім арту – жетістік кепілі», «Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер», «Тәлімменен өрілген біздің дәстүр», «Баланың бас ұстазы – ата – ана», «Ата-аналарды қолдау сабағы»
Сонымен бірге мектепте «Даналық мектебі» клубы құрылды: «Аталар мектебі», «Әжелер мектебі», «Аға мектебі», «Жеңгелер мектебі» жоспармен жұмыс жасауда. Әжелер қауымдастығы Дәстүр мен ғұрып жоба аясында «Ұлттық құндылық бастау-ана тәрбиесі», «Бесік жыры – бар әлемнің бастауы», «Әжем үйреткен...» әжелер шеберлік сыныбы, «Аталар, әжелер мен балалардың туысқандарының бірлескен жетістіктер көрмесі» өткізілсе «Аталар мектебі» аясында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» кездесу, «Бабалар дәстүрі – ұрпаққа өсиет» Әкелер құрылтайы, «Ата кәсіп берекенің бастауы- қолөнер көрмесі». Даналық мектебі клуб мүшелерінің қатысуымен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі өткізілді. Жеңгелер мектебі бойынша «Қыз қылығымен көркем», «Қыздармен кеңес», «Қыздар білуге тиіс..» тұрмыстық қажеттіліктер. Халықаралық әйелдер күніне байланысты көрме.
Біртұтас тәрбие бағдарлама аясындағы жобалар: «Балалар кітапханасы» жобасы, «Тарихқа құрмет» жобасы, «Тоғыз айға тоғыз іс-шара» жобасы, «Жеткіншектің жеті жарғы» жобасы, «Экологиялық мониторнинг» жобасы, «Оқуға құштар» жобасы, «Еңбегі адал жас өрен» жобасы.
Биылғы айтулы даталы мерекелер: А. Байтұрсынұлының туған күніне арналған Тіл тазалығы мерекесіне байланысты «Тіл – елімнің тірегі», «Тіл мерейі – ел мерейі» атты поэзия кеші, «Тіл – халық мұрасы» атты бірыңғай апталығы өткізілді. М. Әуезовтің 126 жылдығына «Ұлы тұлға – М. Әуезов» тақырыбында іс – шаралар өтілді. «Тарихқа құрмет» жобасы аясында «М. Әуезов шығармаларынан үзінді оқу», көріністер, қойылымдар өтілді. «Тарих. Тағдыр. Тұлға» (жазушы Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл) «Балалар кітапханасы» жобасы аясында оқырмандар конференциясы өткізілді. Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жылдығына орай «Әділдікке үндеген Қожа Ахмет Ясауии», «Адал азамат - әділетті Қазақстан» іс-шаралар өтілді. Б. Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай «Өмір және шығармашылық жолы», «Б. Соқпақбаевтың еңбектері», «Балалар әдебиетінің бәйтерегі». Ә. Қастеевтің 120 жылдығына орай «Ә. Қастеевтің таңғажайып өмірі», «Ә. Қастеев ғасыр мұрасы» шығармашылық көрме ұйымдастырылды. «Абайдың толық адам ілімі» дөңгелек үстел. 25 қазан Республика күніне байланысты іс-шаралар. М.Әлімбаевтың 100 жылдығы, М.Жұмабаевтың 130 жылдығы «Мен жастарға сенемін», С.Сейфулиннің 130 жылдығы «Қазақ әдебиетінің ақ сұңқары», М.Өтемісұлының 220 жылдығы «Дауылпаз ақын ел мақтанышы», Төлебидің 340 жылдығы. Тоғыз айға тоғыз іс-шара жобасы «Дене сергіту», «Сергіту сәті», «Әнұран айту» челленджі, «Асық ату» челленджі – ұлттық дәстүрді және ойынды дәріптеу., «Шығарма жазу болашаққа хат» челленджі. «Қазақ есебі» челленджі, «Оқуға құштар мектеп» жобасы айы «Сүйікті кітабым», «Домбыра» челленджі, «Шахмат ойнау».
Спорт үйірмелері мен секцияларын дамыту бойынша өтілген іс-шаралар: «Асық ату», «Тоғызқұмалақ», «Жеңіл атлетика», «Футбол», «Асық ату» үйірме жұмыстары жүргізілді. «Асық ату» челленджі – ұлттық дәстүрді және ойынды дәріптеу.
2023-2024 оқу жылында мектепте жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 2 оқушы бар. Аталған оқушыларға қамқоршылық және қорғаншылық белгіленген. Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағуға жәрдемақы тағайындалған. Олар мектептегі тегін үйірмемен және бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына 10-қосымша «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы №235 бұйрығы және «Қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидимиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығына сәйкес М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде білім алып отырған жекелеген санаттағы балаларды 2023-2024 оқу жылында мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамту мақсатында 2023 жылдың 31 тамызында мектепішілік тамақтанудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия (әрі қарай - комиссия) құрамын, жауапты мамандарды бекіту, ауыз су режимін ұйымдастыру және мектеп асханасында жекелеген тамақ өнімдерін сатуға тыйым салу туралы мектеп директорының бұйрықтары қабылданып бекітілді.Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес оқу жылының сәуір айында бастауыш 1-4 сыныптар аралығында білім алатын 703 (жеті жүз үш ) білім алушы және жекелеген санаттағы, яғни, атаулы көмек тағайындалған отбасынан шыққан 5-11 сыныптар аралығында оқитын 103 (жүз үш) білім алушы, жалпы саны 806 (сегіз жүз алты) білім алушы мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына 11-қосымша «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі бңлңм алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес мектебімізде әр түрлі санаттағы 1-7 сыныпта білім алып отырған 184 білім алушы мектеп жанындағы «Достық» лагерімен қамтылса, қала сыртындағы «Жұлдыз» лагеріне 16 білім алушы қамтылды.
2023 -2024 оқу жылында мектебіміздің жас ұландықтарымен көптеген іс –шаралар атқарылуда. Қазан айында «Қарияға қамқорлық» акциясы ұйымдастырылып, жалғызбасты қарттарымыздың үйіне барып қол ұшын берді. Жас ұландықтардың ұйымдастыруымен С. Торайғыровқа «Ақын есімі, ел есінде» тақырыбында әдеби шығармашылық кеш өткізді. Қараша айында «Жайдарман» КТА ойынын өткізді. 16 – желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, жас қырандықтар қабылданды. Жаңа жылдық іс – шаралар өткізілді. Мектебіміздің қыздарымен «Бұрымды қыз» челленджі ұйымдастырылды. 5 – 6 сынып жас ұландықтарымен «Бауырсақ пати» өткізілді. 8 – сыныптар арасында «Ой өрісі» интеллектуалды ойыны, 5 – сыныптармен «Зерде» интеллектуалды ойыны өткізілді. 8 – наурыз қыздар мерекесіне орай «Көктем аруы -2024» қыз сыны байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. Денсаулық күніне орай флешмоб өткізілді. Тоғыз айдағы 9- іс-шара толық өз деңгейінде өткізілді.