02
ноябрь
2023
«Отбасы -бақыт бесігі"
Биылғы оқу жылының өзекті мәселесі ата-ана, мектеп, бала арасындағы қатынасты жақсарту.
Осыған орай Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Ата- аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық қолдау бойынша бастауыш 1-4 сынып оқушыларының ата-аналары арасында «Отбасы -бақыт бесігі" тақырыбында 01.11.2023жылы сабақ өткізілді. Сабаққа 120 ата-ана қатысты. Сабақ барысында бала отбасындағы басты құндылық, отбасыдағы құрмет пен сүйіспеншілік және өмірлік жағдаяттар айтылып, бейнероликтер көрсетілді. Бала үйіне келгенде отбасы жайлы жер, ыстық ұя екенін сезіну. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, инабаттылық сияқты қасиеттерді жанұяда алады. Тәрбие балаға үлкендердің үлгісімен сіңетіні, ата-ана-бала тәрбиесіндегі басты тіреу екені айтылды. Ата- аналар белсене қатысып өз пікірлерін білдірген ата- аналарға алғыс білдіреміз. Сабақ ары қарай жалғасын табады