14
июнь
2024
Жолың болсын, Жас Түлек!
13 маусым күні 11-сынып түлектеріне арналған "Жолың болсын, Жас Түлек !" атты аттестат тапсыру салтанатты кеші өткізілді. Кешке, Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі Бабижанов С.Ә ; құрметті қонақтар, ата-аналар шақырылды. Аттестат тапсыру кешінде мектеп директоры Н.С.Койшиманова түлектерге ақ жол тілей отырып, мықты мамандық иесі, Еліміздің атын шығаратын тұлға болып қалыптасуына ізгі тілегін жеткізді. Мектебімізді биылғы оқу жылында 72 түлек аяқтап отыр.
Соның ішінде 4- "Алтын белгі" : Асхатұлы Бекнұр, Кеңесбай Назира, Әкімхан Айдана, Иванченко Вероника иеленсе, "Үздік аттестат" иегерлері : Әшімбек Айдана, Әмір Мөлдір, Болатбек Аяулым, Вахай Алина, Оспанова Мадина, Уланбекқызы Амира иеленіп отыр...
Ата-аналар, оқушылар өздерінің жүрек жарды ыстық лебіздерін, алғыстарын жеткізді. Ән-жырдан шашу-шашылып, естелікке суретке түсті...
Ақ жол түлектер....