«Құқық бұзушылыққа жол бермеу»,
2024 жылдың 3 мамырында Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейінде аудан әкімінің орынбасары Өмірбек Мейірхан Азатұлының қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізілді.
Бүгінгі жиналыста аудан әкімінің орынбасары бала тәрбиесіне қатысты бірнеше мәселелерге тоқталды. Нақтырақ айтқанда, ата-аналарға «Құқық бұзушылыққа жол бермеу», «Ұрлық- түбі қорлық» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, “Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы” тақырыбында АПБ ЖПҚБ ЮПТ полиция майоры Д.Омарова кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының қадағалауынсыз қоғамдық орындарда жүрмеу керектігі жөнінде бірнеше ақпаратпен бөлісті. Назаркулова Айгерім Серікқызы (№21 ЖББМ педагог – психологі) ата –аналарға кеңес беріп, тәжірибесімен бөліссе, Умурзакова Рита Шамшетовна (№28 ЖББМ педагог- психологі) “Жанұя бақыты- шаңырақ шаттығы” атты тренинг ұйымдастырды. «АПВ вакцинациясының тиімділігі мен кезеңі» тақырыбында дәрігер Х.Адешова қазіргі таңдағы онкологиялық аурулар жөнінде бірқатар мәліметтерді атап өтті. Біз бала өміріне үлкен жауапкершілікпен қарауға міндеттіміз. Болашақта саналы, тәрбиелі ұрпақ өссін десек, бала тәрбиесіне қазірден бастап қарауымыз керек. Ата-аналар баланың өміріне жауапкершілікпен қарап, балаға мотивация беріп, жылулықпен өсірсе, құқық бұзушылықтың және т.б мәселелердің алдын алуға болатыныдығын айтып өтті.