03
октябрь
2024
Жаңа Жолдау
Жаңа Жолдау
Бүгін, 3.09. күні мектебімізде Қасым Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу,қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын тыңдап, насихаттау жұмысы жүргізілді.
Мектеп басшысы Н.Койшиманова, тарих пәнінің мұғалімдері саяси хабарламашылар Е.Садыков, Толғанбай Ғ түсіндіріп өтті.
Жолдаудағы жаңылтарда әлеуметтік салаға, әсіресе балаларлы қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінгені қуантады. Ұлттық қордан балалар дың есепшотына қаржы аударуға қатысты Заңның қабылданғаны, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстық алдын алуға заңның қабылданғаны жайында түсіндірілді. Адамдардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда. Саяси және қоғамдық брлмысымыз, мениалитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады. Мемлекет басшысы: Еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет-деді. Болашақты ойлауымыз қажет. Сондықтан атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ескертті. Референдум тақырыбы бір жыл бойы елдің талқысында болды. Енді атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпы ұлттық Референдум биылғы жылдың 6 қазанда өтеді деп ескертті. Жасанды интелектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс-деген тапсырма берілді. 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Жайлы мектеп жобасы жайында тоқталып өтті. Ұстаздарға жоғары баға беруде, бұл да қуантарлық жағдай. Әр адамға және баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекетті, яғни, Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету-баршамызға ортақ міндет ....