03
июнь
2024
«Саяси қуғын-сүргін құрбандары халық жадында"
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде
«Саяси қуғын-сүргін құрбандары халық жадында» атты тақырыпта өткізілген іс-шара анықтамасы
Мектебіміздің жанындағы Тұрар Рысқұлов мұражайында 31 мамыр күні «Саяси қуғын-сүргін құрбандары халық жадында» атты тақырыпта тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбандары болған алаш ардақтыларының өмір жолдары мен қызметін ұрпаққа насихаттау. Олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу;
Мектеп басшысы Н Койшиманова және тарих пәнінің мұғалімдері Т.Рысқұлов оқыған мектепке тағзым ете отырып, гүл шоғын қойды. Ұлы тұлғалардың еңбегі ешқашан ұмытылмайтыны жайында әңгіме қозғалды.
Іс - шара басында қатысушылар орындарынан тұрып 1 минут үнсіздікпен репрессия құрбандарын еске алды. Іс-шараға ауданның кітапхана қызметкерлері қатысты.
1937-38 жылдарда террор жаппай сипат алды. Бұл жылдарда кеңес үкіметін орнату мен нығайтуға қатысқан, кезіндегі «Алаш» партиясының көрнекті қайраткерлері мен мүшелері Ә.Бөкейхан, Х.Досмұхамбетұлы, А.Байтұрсынұлы, т.б. жазаға ұшырады, оларды халық жаулары деп жариялады. Жаңа қазақ әдебиетінің негізін салушылар С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, М.Дулатов жазаға ұшырап, ату жазасына кесілді. Көрнекті тілші, ғалым, профессор Құдайберген Жұбанов, Санжар Асфендияров, Ғылым академиясының басшысы М.Төлепов және басқалары жазалау шараларының құрбаны болғаны туралы білім алушылар мен қатысушыларға мәліметтер айтылды.
Оқушылар өздерінің саяси қуғын сүргін құрбандары туралы жинаған мәліметтерімен бөлісіп, өлең оқыды. Тарих пәнінің мұғалімі Садыков Еркін Ерназарұлы саяси қуғын сүргін құрбандарының өмір жолы және осы мұражайда білім алған Тұрар Рысқұлов туралы өз мәліметтерімен бөлісті. Білім алушыларға саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып өткен тарихымызды ұмытпауға, құрметтеуге шақырды....Олар, халық жүрегінде....