31
май
2023
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
анықтамасы
2023 жылдың 31 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде І және ІІ ауысымда оқу процесі дәстүрлі түрде жүргізілді.
Сыныптарда сабақтар сабақ кестесіне сай ұйымдастырылып, 5-сабақта оқушыларға 31 мамыр - қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және патриотизм, Отанға адалдық, достық, татулық тақырыптарында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Саяси қуғын сүргін құрбандары жөнінде оқушыларға түсінік беру, оқушылардың адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру. Оқушылардың бойына Отан сүйгіштікке, патриоттық сезімін, ерлік, батылдық, шындық, төзімділік, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың ерлігін, үлгі-өнеге ету. Сондай-ақ сынып сағатында жазғы демалыс күндері өмір қауіпсіздігін, төтенше жағдайлар, яғни суға шомылу, өрт қауіпсіздігі түнгі уақытта жүрмеу туралы ескерту жасалды.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=981222322904773&set=pcb.1940851679625443