18
ноябрь
2024
Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау!
Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау
Мектебімізде 2024 жылдың 18 қараша күні Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының аудандық, облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты жиын өткізілді. Жиынға 9-11 сынып оқушылары, пән мұғалімдері және ата-аналар қатысты. Жиын барысында мектеп-лицей директоры Н.С. Койшиманова ата-аналарға алғыс білдіріп, оқушыларды жеңісімен құттықтап, дипломдарын табыстады. Аудандық кезеңде 24 оқушы жеңімпаз атанса, облыстық кезеңге 18 оқушы қатысып, 5 оқушы Грамота иеленсе,3 оқушы- ІІІ орын, 5 оқушы - ІІ орынды, сонымен қатар 5 оқушы: Орыс тілі мен әдебиет пәнінен Шарипова М, орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәнінен Борлакова Л, ағылшын тілі пәнінен Доктор Б, Рашид Н, физика пәнінен Тәжі Ұ- І жүлделі орындарға ие болып республикалық кезеңге жолдама алды.
Республикалық кезеңге өткен оқушыларымызға сәттілік тілейміз!


