13
декабрь
2024
Жирен жаман әдеттен
Бүгін, мектебімізде "Даналық мектебінің жұмысының барысында Ағалар клубы 7-8-сынып оқушыларының ағаларымен "Жирен жаман әдеттен" тақырыбында іс-шара өткізді.
Мақсаты: Іні-қарындастарын жаман әдеттен аулақ ұстау ағалардың ісі екенін түсіндіру.
Міндеттері: Ағалық міндетін, жауапкершіліктің мағынасын ашу
Жеткіншектердің бойына ізгі қасиеттерді ағалардың сіңіретінін түсіндіру. Өздерін таныстыра отырып,
ағалар, кезінде өздері жіберіп алған қателіктерін іні-қарындасы қайталамаса екен деген ойларымен бөлісті. Бос уақытты қалай тиімді өткізу керектігін, мүмкіндіктерін түсіндіріп өтті. Әртүрлі сұрақтарға жауап берді. Тығыз қарым-қатынаста болу қажеттілігін, кез келген уақытта көмек қолдарын созатынын жеткізе білді.