28
январь
2025
Жалпы мектепішілік ата-аналарға арналған жиналыс






Қатысқандар: ата-аналар, сынып жетекшілер, қамқоршылық кеңесінің төрайымы Сахаватова В, әлеуметтік педагог, мектеп психологтары.
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1. "Ауыл мектебі жағдайында білім сапасын қамтамасыз етудің тиімді тәжірибесі бойынша 2024 жылдың қорытындысы.
Мектеп директоры Н.Койшиманова
2. "Әр бала бақытты болуға лайықты " мектеп психологтары П.Байтугелова, С.Абашева
3.Әр түрлі мәселелер
Мектеп басшысы Н.Сейсенбаевна ата-аналарға мектепте қанша педагог жұмыс жасайтынын, оқушыларыдың әлеуметтік жағдайын, мектептегі жаңа тиімді жобалар, лицей сапасы , жоғары оқу орындарымен бірлесе атқарылатын жұмыстарын, оқушылар мен мұғалімдерінің жетістіктерін, экологиялық бағыттағы жұмыстар, даналық мектебінің, жалпы "Біртұтас тәрбие " бағдарламасы аяғындағы тәрбие жұмыстаоын саралап, айтып өтті. Соның ішінде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. Бала біздің болашағымыз. Олардың әрбір ісіне бейжай қарамай, дер кезінде алдын алу мақсатында жұмыс жүргізу. Түнгі уақытта көшеде жүрмеуі, ойын-сауық орындарда жұмыс жасамауы, зиянды заттарға әуес болмауы қадағалау ата-аналар тарапынан қажет екенін түсіндіріп өтті.
Екінші мәселе бойынша мектеп психологтары,сынып жетекшілер ата-аналарға арналған арнайы жадынама таратып. Әр бала- бақытты болуға лайықты екенін түсіндіріп, балаларға қолдау, көмек, тығыз сенімді қарым-қатынас, сырласып әңгімелесу қажет екенін түсіндірді. Бірнеше ой салатын видео роликтер көрсетілді.
Ата-аналарға арналған міндеттермен таныстыру өтті. Алынған сауалнама қорытындымен таныстырды. Мейлінше баламен бірге болуға шақырды.