«Ата-ананың эмоционалды шаршауы»
Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасы бойынша жоспарға сай «Ата-ананың эмоционалды шаршауы» тақырыбында жиналыс
Мақсаты: жасөспірім балалардың ата-аналарының эмоционалды сарқылуының алдын алу
Міндеттері:
ата-аналардың эмоционалды жағдайын басқаруға деген ұмтылысын дамыту;
ата-аналардың шаршау белгілері және оның алдын алу жолдары туралы түсініктерін кеңейту;
ата-аналардың өз әл-ауқатын басқарудың практикалық дағдыларын және
эмоционалды сарқылудың алдын алу жолдарын игеруіне ықпал ету.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
жағдайларды талдай білу, ықтимал салдарларды болжай білу және негізделген шешімдер қабылдау.
Ата-аналарға бұл тақырыптың маңыздылығын атап өтті. Қатысушыларға ата-аналық жауапкершілікпен қатар, олардың психологиялық әл-ауқатының да маңызды екендігі түсіндірілді.
«Эмоционалды шаршау дегеніміз не?» тақырыбында теориялық ақпарат беріліп, ата-аналық күйзелістің негізгі себептері мен белгілерін анықтайтын тест алынды. Сонымен қатар, шаршауды болдырмау және оны жеңу жолдары талқыланып, ата-аналармен бірге релаксация және күйзелісті төмендетуге арналған психологиялық жаттығу өткізілді.
Жиналыс соңында ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтар қойды. Қатысушыларға өз эмоцияларын басқару, уақытты тиімді пайдалану және жеке дамуға көңіл бөлу қажеттілігі туралы ұсыныстар берілді. Жиналыс ата-аналар тарапынан жылы қабылданып, олардың белсенді қатысуымен өтті. Кері байланыс барысында ата-аналар өз алғыстарын білдіріп, осындай кездесулердің жиі өткізілуін қолдады.