25
апрель
2025
Жол қауіпсіздігін сақтау бүгінгі күннің өзекті мәселесі...






Бүгін, мектебімізде тәрбие бағыты бойынша "Жол қауіпсіздігін сақтау бүгінгі күннің өзекті мәселесі" тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға аудан прокуратурасының аға прокуроры Ажимбеков Хиса Жексенұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Д.Көшербаев қатысты.
Мектеп директоры Н.Койшиманова қонақтарға алғы сөзін жеткізіп, жол қауіпсіздігін сақтау ең бірінші өзекті мәселе екеніне тоқталды. Тәрбие сағатында сынып жетекшілер кіріктіріп оқитынын түсіндіріп өтті.
Семинар барысында "Жолда жүру ережелерін білеміз бе?" тақырыбына 4"г" сынып жетекшісі Төлеман Б. Қ; "Предупреждение дорожно-транспортного травматизма " 6"з" сынып жетекшісі Райымкулова Ш.Н; "Бала өмірі-қымбат қазына.Баланың жолдағы серігі-ата-аналар " ата-аналар қолдау сабағы. Жетекшілер: Нәметқұл Құралай, Мұхтанова Жанар, "Жас қозғалыс инспекторларының үгіт-насихат жұмыстары көрсетілді. Жетекшілер: Қозбағарова А, Авдонькина И, Медетова Ж, Байтубаев Жандос; психологиялық тренинг Абашева С. Осы мұғалімдер бағдарлама бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті....