19
июнь
2025
Ақ жол, Жас Түлек-2025...








Ақ жол, Жас Түлек-2025... М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 11 сынып түлектеріне арналған "Ақ жол, Жас Түлек-2025" атты аттестат тапсыру салтанатты кеші өткізілді.Еркеліктен есейіп ел үмітін ақтаған, айдары алтынмен апталған бүгінгі түлектеріміз, бүгінгі кештің жарқын жұлдыздары десек қателеспейміз. Жақсы біліммен, тағылымды тәрбиемен өскен ұл-қыздарымыз Отанымыздың қазынасы, елдің ертеңгі елеулі тірегі. Мектеп басшысы Н.Сейсенбаевна түлектердің құттықтап, әрқайсысы өмірден өз орындарын адаспай тауып, алған білімдерін Отанға, Қазақстанға еңбек етуге шақырды. Биыл мектебімізді 74 түлек аяқтап, 7-Алтын белгі, 4-үздік оқушы аяқтады. Бұл ең бірінші ұстаздардың, ата-аналардың еңбегі. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Метеркулова Сәуле Абдибаевна және ардагер ұстаз Мендібаев Жаңабек ағай оқушыларға сәт сапар тілеп, жоғары белестерді бағындыруға, білім жолына түсуге шақырды. 11-жыл бойы білім алған, алтын ұя мектеппен қоштасып, аттестаттарын қолдарына алып, нық алға басты...Сәт сапар, Түлектер.... Әуезов мектебі сіздерге есігі әрдайым ашық, ұстаздардың еңбегін бағалайтындарыңызға сенімдіміз!