10
октябрь
2025
"Репродуктивті денсаулық дегеніміз не?"
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде «Репродуктивті денсаулық деген не?" туралы түсіндірме жүргізілді.
Мақсаты: Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу. Дене, жеке бас гигиенасын сақтау және жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Репродуктивті денсаулық - бұл халық пен даму жөніндегі Халықаралық конференцияның анықтамасына сәйкес, толық физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқаттың жай-күйі ғана емес, сонымен қатар репродуктивті жүйеге және оның функциялары мен процестеріне қатысты барлық мәселелерде аурулардың болмауы. Репродуктивті денсулықты сақтау дегеніміз - сау ұрпақты көбейту функциясын қалпына келтіруге және сақтауға көмектесетін бірқатар шаралар болып табылады. Мұндай шараларға салауатты өмір салтын ұстану және жаман әдеттерден бас тарту; жыныстық өмір ережелерін сақтау; жүйелі түрде тест тапсыру және жыныс жүйесінің денсаулығын бақылау; туралы 1-11 сынып оқушыларына мектеп медбикелері Атамуратова А.Т, Жақаш А.А түсіндермелер жүргізді.


