«Жас Қыран» ұйымына қабылданды
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінде 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген іс-шаралар
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Еліміз елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. 1991 жыл 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Міне сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтіп, бүкіл дүние жүзіне қазақ елін танытты десе болады. Осыған орай мектебімізде 30 қараша күні 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген Ел аға, Нұр сыйлаған халқына» атты салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынымызда 2 сыныптың ең жас, ең ақылды, ең талантты деген оқушыларын өз еріктерімен «Жас Қыран» ұйымына қабылдады. «Жас қыран» ұйымына галстук тағу рәсімі мектебіміздің директоры мен мектеп әкімшілігі, мектеп ұстаздарына берілді. Жас Қыранға қабылданған оқушылар салтанатты түрде уәде беріп, өздерінің тақпақтарын айтты. Мектебіміздің директоры Қыстауов Болатбек Тәңірбергенұлы 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мен Жас Қыран ұйымына қабылданған оқушыларды құттықтады. Дарынды оқушылар ән, би орындады. 1-11 сыныптар «Қазақстан – жаңа әлемде», «Ұлы Кемеңгер», «Кемелді келешекке-кемеңгер Елбасымен» тақырыптарында бірыңғай сынып сағаттарын өткізді. Мектеп кітапханасында «Әлем таныған тұлға» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.