04
сентябрь
2021
«Сау бол – жүз жаса!»
2021 жылы 4-қыркүйек күні Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде «Сау бол – жүз жаса!» атты денсаулық фестивалі өткізілді. Денсаулық фестивалі Қазақстан Республикасының Гимнмен ашылды. Мектебіміздің директоры Б.Қыстауов оқушыларды денсаулық күні мерекесімен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдіріп, Денсаулық - бұл туғаннан бастап табиғат адамзатқа ұсынатын баға жетпес сыйлық екенін айтып өтті. Сонымен қатар оқушылар көңілді жаттығу жасап, флэшмоб биледі. «Сау бол - жүз жаса!» денсаулық күнін 5 сыныптар эстафетталық ойындар, 6 сыныптар кіші футбол, 7 сыныптар ұлттық ойындармен жалғастырды.