20
октябрь
2017
№9 В.А.Савва атындағы орта мектебінде 2017 жылғы 30 қыркүйек мұғалімдер күніне орай «Ұстаз болу – сезімнің ақындығы» атты тақырыпта атқарылған іс-шаралардың Анықтамасы
№9 В.А.Савва атындағы орта мектебінде 2017 жылғы 30 қыркүйек мұғалімдер күніне орай «Ұстаз болу – сезімнің ақындығы» атты тақырыпта атқарылған іс-шаралардың
Анықтамасы
Мақсаты: Ұстаздарды мерекелерімен құттықтау, үлкенді, ұстазды сыйлау, адамгершілікке тәрбиелеу, ата – ана, ұстаз, оқушы арасындағы байланысты нығайту, оқушыға рухани тәрбие беру.
Ұстаз- ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді. Осыған орай мектебімізде 30 қыркүйек мұғалімдер күніне арналған іс-шаралар жоспары жасалды. Жоспар бойынша 5-11 сынып оқушылар арасында «Менің алғашқы ұстазым» тақырыбында қабырға газеті безендірілді. Үздік сыныптар 11«а»,10«ә», 9 «в», 9 «б», 10 «б» сыныптары атанды.
Мектепте 1-10 сыныптар «Ұстаз – ұлы тұлға», «Ақылшым - Ұстазым», «Ұстазым- ұлағатым», «С любовью к вам, учителя», «День учителя» және т.б. тақырыптарында тәрбие сағаттарына ардагер ұстаздарды қонаққа шақырды, ал 11 сыныптар оқушылары «Ұстаз болу сезімнің ақындығы» тақырыбында мектептің акт залын мерекеге лайық безендіріп, интерактивті тақта қолданып, ұстаздарға мерекелік концерт қойды. Олар ұстаздар туралы әндер айтып, өлең шумақтарын оқып, барлық ұстаздарды ұстаздар мерекесімен құттықтады. Ал, сағат 14.00 –де кәсіподақ ұйымы мен жас мамандар бірігіп ұстаздарға арналған салтанатты жиын өткізді.