15
октябрь
2018
«Адам өмірі баға жетпес байлық»
26 қыркүйек күні Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінде «28 қыркүйек Бүкіл дүниежүзілік құтыру індетіне қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған «Адам өмірі баға жетпес байлық» атты аудандық акция өткізілді. Акцияға Меркі аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы Кударова Дильдаш Кабировна, Меркі аудандық орталық аурухана бас дәрігері Құрманәлі Бекболат Тұрғынұлын және Меркі ауданы Әкімдігінің ветеринария бөлім басшысы Қамбаралиев Әбдімомын Сулейманкулович, жастар денсаулық орталығының жетекшісі Адешова Х.Ж. қатысты. Акцияда мектеп оқушыларына құтыру індетіне қарсы күрес туралы бейнероликтер, Ресейде құтыру індетіне шалдыққан адамның бұл өмірдегі соңғы сәттері бейнеленген деректі фильм көрсетілді және викториналық сұрақтар қойылды. Меркі аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы Кударова Дильдаш Кабировна қысқаша құтыру ауруы туралы баяндама оқыды.