«Бастау» зерттеу тобының 1- цикл 2 – сабағы өтті.
19.10.2023 жылы М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп – лицейінің «Бастау» зерттеу тобының 1- цикл 2 – сабағы өтті. Пәні: Математика. Мұғалім: Бейсенбаева Айман Тақырыбы: «Өткенді бекіту»
Пән мұғалімі:Бейсенбаева А.Б Ол кісі де осы ұсыныстарды ескеріп сабақ жоспарын жасап келді. Жоспарды зерттеу тобында тағы да талқылап, қайта жоспарлап, соңғы жоспар бойынша сабақты өткізілді. Оқушылар бақыланды. Жоспарлағанымыздай оқушылар орнында отырып жауап бергендіктен, оқушыларда қобалжу болмады. Бұл сабақта жаңа тақырып аз бөліктерден топтарға бөлініп берілді. Бұл сабақта оқушыларда ой еркіндігі пайда болып, ойларын дұрыс тұжырымдар айтуға тырысты. Ұжымдық жұмыста «Жүрек» әдісінің тиімділігін байқадық. А оқушысы – жұбымен ынтымақтаса жұмыс жасаса, В оқушысында белсенділік пайда болып, қолын көтеріп сабаққа қызыға қатыса бастағанын байқадық. Топтық жұмыста «Ойлан, бөліс, талқыла» әдісін орындауда оқушылар өз ойларын еркін айта бастады. Сол сияқты С оқушысының да сабаққа қызығушылығы оянып, сабаққа қатыса бастағаны сабағымыздың сәтті жағы болса, сәтсіз тұстарына кей жұптардың (деңгейлері әртүрлі) деңгейі жоғары оқушы көшбасшылықты өз қолына алып кеткені, тапсырманы орындауда С оқушысы қиналды. Осы сәтсіз жақтарын келесі сабақта қарастыру қажеттігін білдік.