М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде бүгін 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған педагогикалық қолдау сабағы өткізілді.
Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасындағы өзара сенімді нығайту. Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін түсіндіру; Позитивті қарым-қатынас пен қолданудың маңызын көрсету.
Күтілетін нәтиже: Ата-аналар өз баласына деген сенімнің бала тұлғасын дамытудағы маңызын түсінеді және отбасында сенімді қарым-қатынас орнатудың жолдарын меңгереді.
Сенім"- кез-келген қарым-қатынастың негізі: ата-ана мен бала, ата-ана мен мектеп, жалпы адамдар арасындағы сенім болған кезде сөйлесу, тыңдау, түсіну және көмектесу оңайырақ болады. Сенім болмаса жақсы сөздің өзі мағынасын жоғалтады. Балаға сенім білдіру-оның өзіне деген сенімділігінің бастауы.