26
сентябрь
2025
"Отбасы-бақыт бесігі"
Отбасы-бақыт бесігі
Бүгін, 26.09 күні 1-4 сынып оқушыларының Ата-аналарына арналған педагогикалық қолдау сабағы өткізілді.
Мақсаты: Ата-ана өмірінің басты мақсаты бақытты адам тәрбиелеу
1.Балалардың әл- ауқатын оның бақытты өмірінің негізі
2. Ата-ананың баланың әл -ауқатына жауапкершілігі
3.Кішкентай балалардың жас және әлеуметтік ерекшеліктері
4.Отбасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: Ата-ананың балаға назар аударуы, қолдау, позитивті қарым-қатынас.
5.Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген отбасылық тәрбие әдістері
Сынып жетекшілер ата-аналарды топқа бөліп, пікір алмасуға бірнеше тақырыпты ортаға тастады. Ата-аналар бір-біріне қолдау көрсете отырып, ортақ шешім шығарды. Мектеп басшысы Н.Сейсенбаевна ата-аналарға Отбасының өмірдегі ең құнды орта екенін, бала тәрбиесіне белсенді болуға шақырды. Бала тәрбиесінің маңыздылығымен бөлісті.


