Ақпарат
2025 жылдың 18 - наурыз күні М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде « Дін ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» тақырыбында Жамбыл облысы Дін проблемаларын зерттеу орталығының Меркі ауданы бойынша инспекторы Толғанбай Ғалымжанның қатысуымен 10-сыныптар арасында кездесу өткізілді. Қазіргі кезеңде дінді өздерінің саяси мақсаттарында қолданатын экстремизм мен терроризм мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне және қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіруде. Дін мен оның құндылықтарын бетперде еткен жалған уағызшылар жаһандық деңгейде алауыздық пен өшпенділік туғызып, төзімсіздік пен қысым орнатуда. Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы - олар туралы өз
уақытында шынайы мәлімет беру қажет деді маман. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жасөспірім балалар үшін
ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес.
Дін туралы ақпарат іздегенде ресми ақпарат көздерін пайдалану керек екендігін атап өтті.
