Жастар экстремизм мен терроризм қарсы
2024 жылдың 23 қаңтар күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде Сармолдаев ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Капалбаев, заңгер Б.Құралбай, жастар ісі жөніндегі маман Е.Қылышбаев, Жастар ресурстық орталығының теолог маманы Б.Пірназаровтың қатысумен дініи экстремизм,терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру мақсатында 8-9 -11 сынып оқушыларымен «Жастар экстремизм мен терроризм қарсы » тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында мамандар оқушыларға видеролик көрсетіп экстремизм, терроризм терминдеріне түсінік беріп, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат берді. Оқушылар мамандарды зор ықыласпен тыңдап, барлық қызықтырған сұрақтарына жауап алды.