Анықтама
2025 жылдың 02 қыркүйек күні мектеп директоры Н.С.Койшиманова, АПБ ЖПҚб ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты А.Маңызқызы М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 10-11 сынып оқушылары арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты мақсат» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында білім алушыларға қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, сабаққа кешігіп келмеу, көшеде беймезгіл уақытта жүрмеу, оқушыларға елі мен жерін сүйетін тұлға болу керектігін айтып, оларды өтірік айту, ұрлық жасау сияқты түрлі зиянды әрекеттерден аулақ болуға шақырды. Сонымен қатар мектеп ережесін, мектеп формасы талаптары туралы түсіндірілді.

