Ақпарат
04.04.2025 күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде мектеп директоры Койшиманова Нурила Сейсембайқызы оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылықтың түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру мақсатында «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында мектеп директоры білім алушыларға құқықбұзушылықтың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың құқық бұзушылық жасағандағы жауапкершілігі, өз әрекеттеріне баға бере білу туралы айтып өтті. Сонымен қатар 111 жедел қоңырау шалу желісі мен QR код бойынша қалай хабарласуға болатындығы туралы түсіндірме жұмысы жүргізіп, «111» нөмірі 24/7 тәулік бойынша жұмыс істеп балалардың, отбасы құқықтарын қорғауға байланысты барлық мәселелер бойынша өтініштер қабылдайтындығы ескертіліп өтті.
