Ақпарат
Ағымдағы жылдың 10 сәуір күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің директоры Н.С.Койшиманова 7-11 сынып оқушыларына жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, құқық бұзушылықтарды болдырмау, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілетін Жамбыл облысы аумағында ағымдағы 2025 жылдың 10 сәуірі мен 6 мамыр аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмысы барысында мектеп директоры оқушыларға түнгі сағат 22:00 ден таңғы 06:00 дейін ата – аналарынсыз ойын – сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде жүргендегі, кешке кафе, ойын сауық орталықтарында балалардың жұмыс жасаса және скутер, мопед т.б. көлік құралдарын жүргізгендегі жауапкершілік туралы айтып өтті.
