Ақпарат
2025 жылдың 10 сәуірінде М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде Меркі АПБ ЖПҚб ЮПТ инспекторы полиция капитаны Касимов Бекнур Даниярулы 5-6 сынып оқушыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кәмелетке толмағандардың түңгі уақытта заңды өкілімен, ата – аналарынсыз жүруіне сағат 22:00 ден таңғы 06:00 дейін ойын – сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде жүрмеулерін, кешке кафе, ойын сауық орталықтарында балаларының жұмыс жасамауын айтты. Жиналыста оқушылардың сабақтан себепсіз қалуы, яғни ол 10 күннен артық қалған жағдайда айыппұл төленетіндігі айтылды. Сонымен қатар кибербуллинг-бопсалау, оқушылардың ұялы телефонды дұрыс пайдалану, басқа біреудің суретін жүктемеу, олардың достарымен қарым – қатынасын қадағалауларын айтты. Мектепке скутер, мопед т.б. электронды көліктермен келмеулерін, кәмелетке толмаған балаларға рұқсат жоқ екенін және оған хаттама толтырылып, айыппұл
салынатынын ескертті.
