10
ноябрь
2025
Ақпарат
2025 жылдың 10 қараша күні «Жас сақшы» полиция сыныбының оқушылары Жамбыл облысы Полиция департаментінің музейіне экскурсия жасады. Экскурсия барысында балалар ішкі істер органдарының қалыптасу тарихымен танысып, қызметтік борышын атқару кезінде ерлік пен танытқан полицейлер туралы мағлұмат алды. Оқушылар Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың рухына тағзым етіп, батырға арналған өлең жолдарын оқып, домбырамен музыкалық шығарма орындады. 


