16
январь
2026
«Заң және тәртіп – ел тұрақтылығының негізі» экскурсия
2026 жылы 16 қаңтар күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің білім алушылары Меркі Аудандық полиция бөліміне «Заң және тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің негізі» тақырыбында ұйымдастырылған экскурсияға барды. Экскурсияның мақсаты:
- Ішкі істер органдарының жұмысымен таныстыру
- Құқықтық сауаттылықты арттыру
- Жасөспірімдерге заң талаптарын түсіндіру
- Болашақ мамандыққа бағдар беру. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға деген құрметін қалыптастыру.
Экскурсия барысында оқушылар құқық қорғау органдарының қызметімен танысты. Мамандар заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірді. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары мен жауапкершілік түрлері жайлы нақты мәлімет берілді.
Экскурсия оқушыларға заң мен тәртіптің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге көмектесті және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етті. Жауапты КББ педагогтары Ж.Иманбаева, А.Байкулова


