08
ноябрь
2022
«Қысқа мерзімді жоспар құрудың тиімділігі мен артықшылығы»
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің кезекті отырысы семинар- практикум түрінде өтті. Семинар «Қысқа мерзімді жоспар құрудың тиімділігі мен артықшылығы» тақырыбында жүргізілді. Мақсаты:Оқу мақсатын дұрыс таңдай отырып, сабақ мақсатын шығарып қысқа мерзімді жоспарлауды жүзеге жүзеге асырудың тиімділігі мен артықшылығын қарастыру. Семинар үш бөлімнен тұрды.1.Теориялық бөлім 2. Практикалық бөлім.3. Кері байланыс. Бірінші теориялық бөлімде Тулекова Гүлсім Әбдібайқызы №382 бұйрыққа сәйкес қысқа мерзімді сабақты дұрыс жоспарлауда нормативті құжаттарды басшылыққа алу, оқу бағдарламасынан ауытқымау,оқу мақсатынан сабақ мақсатын шығаруда Блум таксаномиясындағы етістіктерді дұрыс қолдану керектігі жайлы ақпараттар беріп өтті. Екінші практикалық бөлімде Мушенова Махаббат Құттыхожақызы мұғалімдерді екі топқа бөліп, ұзақ мерзімді жоспардан екі оқу мақсатымен жұмыс жүргізді. Мұғалімдер құрастырған қмж презентацияларын қорғап, оның тиімділігі мен артықшылықтарын атап көрсетті. Семинар соңында кері байланыс алынды. Жас мамандар үшін бүгінгі семинар –практикум пайдалы болды. Күнделікті сабақ жоспарын құрастыру- болашақ ұрпақтың білімді болу кепілі.