11
ноябрь
2022
Тәрбиеге әсер беретін нәрсе- өскен орта, ата-ананың тәрбиесі.
2022 жылдың 11 қараша күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде ата-аналар арасында жиналыс өткізілді.
Аталған жиналыстың мақсаты: Бала құқығын қорғау, құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы- баланың көз алдындағы үлгі екенін ұғындыру.
Аталған жиналыстың форматы өзгеше болды. Жиналысқа келген ата-аналар топтарға бөліне отырып тапсырмаларды орындады.
Жиналыс соңында ата-аналар өздерінің көңіл күйлерінің жақсы деңгейде болғандығын атап өтіп, мектеп әкімшілігі мен ұстаздарға алғыстарын айтты.