16
январь
2023
«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»
Ағымдағы жылдың 16.01.күні 5 «Б» сыныбында «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырында сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында мұғалім балаларға дұрыс тамақтана білу де денсаулықтың басты шарты екені, адам дұрыс тамақтанған кезде ғана ағзасына қажетті тағамдық заттарды толық пайдаланатындығы жайында айтып түсіндірді. Балалар тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізетіндігі туралы суреттер салып, ойларымен бөлісті.