21
февраль
2023
Оқушылардың "Қоқыс өңдеу жобасы" бойынша, аудан әкімімен кездесуі
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп - лицейі "Эксперименталдық алаң" эксперименттік тәжірибе жұмысы "Birgemiz: Taza alem" тақырыбындағы қоқысты сұрыптау жобасы бастау алды.
2023 жылдың 21 ақпанында мектебіміздің "Экоклуб" ұйымы, экологиялық қоғамының мүшелері 8 сынып оқушылары Сауытбек Асет және Кенжебек Мирас Меркі ауданының әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлының қабылдауында болып, өз жобаларын таныстырды!
📌Жобаның негізгі мақсаты:
Мұхтар Әуезов мектеп-лицейі негізінде Меркі ауданы тұрғындарын тазалыққа шақыру, "Birgemiz: Taza alem" қоқысты сұрыптау жобасы арқылы Экологиялық мәдениетті қалыптастыру
📌Жұмыс барысында оқушылар жобаны ең алдымен мектеп қабырғасында қоқысқа екінші өмір сыйлау арқылы қоқыс жәшіктерін дайындап, практикалық деңгейде жүзеге асыруда.
📌Жобамен тыңғылықты танысқан аудан әкімі мектеп жасындағы оқушыларды ауданның тазалығы, экология мәселесі толғандырып, осы бағытта зерттеу жұмыстарын жасап жүргені үшін қуаныш сезімін білдірді. Әрі ауданның тазалығы, жалпы табиғаттың қазіргі таңдағы ахуалы әрбір қазақстандықты ойға келтіруі керектігін тілге тиек етті.
📌Сонымен қатар, аудан әкімі оқушылардың бастамасын қош көріп, қолдап, оны аудан көлемінде, білім ордаларында іске асыруға қолқа болатындығын айтты.