27
февраль
2023
Экологиялық акция
2023 жылдың 27 ақпан күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің эксперименттік тәжірибе жұмысының жылдық жоспарына сәйкес «Қоқыс өңдеу және Экологиялық оқушы ережесі» атты тед-форматында Экологиялық акция өткізілді.
🔰Акцияның мақсаты: Оқушылардың экологиялық көзқарасы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру және оқушыларға қоқыс сұрыптаудың маңыздылығын түсіндіру;
🔰Акцияға 5-9 сынып оқушыларынан 130 оқушы қатысты. Алғы сөз, директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі І.Жүнісжановқа берілді. «Эко клуб» ұйымының төрайымы Юсуп Дильназ өз сөзінде оқушыларды «Эко клуб» ұйымының жоба жұмыстарын таныстыра отырып, «Eco-Volunteer» клубына шақырды. Акция барысында «Эко-клуб» ұйымының мүшелері экологиялық оқушы ережесінің бүктемелерін таратып, «Эко клуб» ұйымының тілшісі оқушыларға сергіту сәтін ұйымдастырды.
🔰Акция аясында түрлі бейнероликтер көрсетіліп, мақал мәтелдер сайысы мен экологиялық ойындар ойнатылды. Педагог-эколог А.Палахмет, әлеуметтік талдаушы Д.Оразымбетова «Оқушының экологиялық ережесі» , қосымша білім беру педагогы Ғ.Базарбай «Қоқысты сұрыптауға» арналған экобокстармен таныстырды.
♻️Акция нәтижесінде, «Eco-Volunteer» клубы құрылып, 5-7 сынып оқушылары клуб қатарына алынды.