10
ноябрь
2023
“Сүйікті ұстазыма” атты халықаралық қашықтық байқауы
Кез келген қоғамға дарынды адамдар қажет және сол қоғамның міндеті дарындылықтың барлық өкілдерінің қабілетін қарастыру және дамыту болып табылады. Көп нәрсе отбасына да, мектепке де байланысты. Отбасының міндеті - баланың қабілетін уақытында көру болса, мектептің міндеті – баланы қолдау және оның қабілетін дамыту, осы қабілеттерді іске асыру үшін негіз дайындау болып табылады. Мектепте дербес, шығармашылық тұлғаны дамытудың негізі қалануы тиіс. Адамның өз бойындағы дарындылығын ашуға деген ынтасы осы мектеп қабырғасында туындайды.
Мектеп оқушыларының бойынан шығармашылық қабілеттерін ашып, оларды өмірде қолдануға үйреткен ұстаздарымыз біздің мектеп-лицейінде баршылық. “Ұстаздан шәкірті озар” дегендей, шығармашыл ұстаздарымыздан тәлім алған оқушыларымыз халықаралық шығармашылық байқауда топ жарды.
Балалардың бейнелеу және сәндік-қолданбалы шығармашылығын жан-жақты дамытуға қолдау көрсету, қатысушылардың жарыспалы түрде дамуына және шығармашылық қабілеттерін көрсетуіне мүмкіндік беру мақсатында ұстаздар күніне арналған “Сүйікті ұстазыма” атты халықаралық
қашықтық байқауына Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін оқушылары қатысты.
Аталған байқаудың "Аппликация" номинациясы бойынша Болатбек Айсұлтан, Болатбек Бексұлтан I дәрежелі диплом, "Сәндік-қолданбалы өнер" номинациясы бойынша Талғат Айбар Бас жүлде иегері, Болат Айша I дәрежелі диплом иегері атанды. Жетекшілері- Нурсеитова Ляззат Есенамановна, Байназаров Жасұлан Алтайұлы, Нурсейтова Айдана Есенаманқызы жеңімпаздарды дайындағаны үшін дипломдармен марапатталды.
"Атадан-мұра" қоғамдық қорының бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған "Дарабоз" республикалық байқауында "Қол өнері" номинациясы бойынша үздік өнер көрсеткені үшін Болатбек Айсұлтан II дәрежелі диплом иегері атанды.
Жетекшісі - Нурсеитова Ляззат Есенамановна үздік шәкірт дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Еліміздің дамуы, мемлекеттің алтын діңгегі мықты болып қалыптасуы - білім мен білікке байланысты екендігін өз ұстанымы деп білген мектеп-лицейіміздің ұстаздары алдағы уақытта да биік белестерден көрінетініне сенімдіміз.