10
январь
2024
"Мен оқыған бір ертегі"
Мектебімізде,әр дүйсенбі сынып жетекшілер тәрбие сағатын өткізеді. Балалардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіруде, баламен біруақыт еркін тақырыпта сөйлесу, сынып жетекшілердің жұмысының бір бөлшегі. Бүгінгі тақырыптар: "Дос және достық", "Еңбек түбі- береке","Әдептілік ардың ісі", "Менің тегімнің тарихы", "Мен оқыған бір ертегі", "Ұлттық ойын-ұлт қазынасы ", "Әдептілік-ізеттілік ", "Отбасы-тәрбие бастауы", " Құрманғазы Сағырбайұлына-200 жыл" сияқты әртүрлі тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді. Баланы тәрбиелеуде жан-жақты жолдар арқылы, бала жүрегіне жол табу сынып жетекшінің іскерлігі деп білеміз...