Оқытудың иновациялық үдерістерін қолдануда тәжірибе алмасу
2024 жылдың 24 қаңтар күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде оқу мен оқыту сапасын арттыру, мұғалімдердің тәжірибесін жақсарту және оқушылардың алға ілгерілеуіне қолдау жасау мақсатында «Парасат , «Зерде», «Даму», «Бастау» топтары құрылып серіктес мектептердің мұғалімдерімен бірлескен әрекеттестік арқылы сабақты зерттеу үдерісі жүргізілді. Оқытудың иновациялық үдерістерін қолдануда тәжірибе алмасу, ортақ шешімге келу, өзгелерге үйрету тиімді тәжірибелермен өзара бөлісуде тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинарда серіктес мектептермен ортақ проблемалар мен ой бөлісіп, өзара іс-тәжірибе алмасуда сабақты зерттеу үдерісі бойынша әр айналымның жоспарын жасап, бақылау парақтары бойынша
Кімді? Нені? Қалай? сұрақтары аясында талқылау болды.