Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
26
ноябрь
2024

Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі

Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі
 Бүгін, мектебімізде Даналық мектеп клубы  аясында " Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі" тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді. 
Мақсаты: Әжелердің ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру. 
Міндеттері: Әжелердің бала тәрбиесіндегі орнын анықтау 
Өнегелі әженің немерелеріне нені үйрету керектігін түсіндіру. 
Қиын жағдайда оң шешім шығаруды дағдыға айналдыруға кеңес беру. 
Бүгінгі дөңгелек үстелге 50-ден астам әжелеріміз қатысып,  өмірдегі өз тәжірибесімен бөлісіп, балаларға ақыл кеңестерін жеткізді. Ауданымыздың құрметті азаматы 83 жасқа толған  Таттықұлова Қайнаркүл апамыз бастаған аудан әжелері қонаққа келсе,  мектебіміздің әжелері өз немерелерімен  бірге келді. Мектеп басшысы Н.Сейсенбаевна Әжелердің өнегелі өсиетіне үлкен алғысын жеткізіп,  зор денсаулық тіледі.  Әжелер өз немерелерін мақтанышпен әңгімелеп,  оларға көрсетілетін тәрбие жайында кеңінен әңгімеледі.  Ақыл -кеңестерін жеткізіп, қол өнер бұйымдарымен бөлісті. 
Отбасы баланы бақытқа бөлейтін мекен. Әр бала үшін отбасындағы бірлік, қарым-қатынас  маңызды. Әжелік кезең-көп адамның арманы, мәртебелі шақ.Ақ кимешектерін сәндене киіп, Көрген-білгенін ортаға шығарып, арқа-жарқа болған әжелерімізге алғысымыз шексіз.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив