21
май
2018
Дұрыс мамандық –өмірлік наның
Дұрыс мамандық –өмірлік наның
Елбасының «Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар» мақаласының аясында мектебіміздің түлегі, облыс мақтанышы,танымал тұлға Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің профессоры,техникалық ғылым докторы,машина пайдалану кафедрасының меңгерушісі Нұхтар Алтайұлы Үмбеталиевпен 11-сынып түлектері арасында ыстық кездесу өткізілді.Кездесуге Нұхтар Алтайұлы оқушыларға өз өмір жолын баяндай келе,өмірдің асуларын бағындыруға болатынын, ол үшін ұстаздардан аянбай білім алу керек екенін кеңінен әңгімелеп өтті. Нұхтар Алтайұлы мектептегі оқытқан ұстаздарын аса мейріммен еске алды.Олардан алған тәлім-тәрбиесі әлі күнге өмірлік наны болып келе жатқанын ашып айтты.Әсіресе математика пәнін өте жақсы көргенін,өз бетімен орыс тілін оқығанын балаларға айтып өтті.Өмірдің кілті өз қолдарыңда ерінбей,алдарыңа мақсат,талап қойыңдар деп балаларға қайрат берді.Бірнеше тәжірибелер келтірді.Сонымен бірге өзі қызмет жасап отырған Қазақ Ұлттық аграрлық университетіне оқушыларды оқуға тартты.90жылдықтарихы бар университетте сапалы да, заманауи талаптарға сай білім алоуға шақырды.Университетте бакалаварианттың 39,жоғары білім берудің 2,магистратурасының 16 мамандықтары бойынша жоғары білім берілетінін айттып өтті.ұлағатты профессорлар,білікті ғылым-докторлары,ғылым кандидантты т.б. үздік оқытушылар білім беретініне де тоқталды.Университетте «Биотехнология», «Агрономия», «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», «Машина жасау», «Жылыту энергиясы» сынды т.б. 40-тай мамандықтар бар екеніне кеңінен тоқталды.Осының бәрі еліміздің дамуына қажет мамандықтар екенін.Қазірден дұрыс таңдау жасап,өз үлестеріңді қосуға болатынын жасұрпақтың бойына жеткізе білді.Кетер кезінде балалармен суретке түсіп,тілек кітапшасына өзінің өмірлік ұстанымын жазып,мектеп әкімшілігіне,ұжымға жақсы тілектерін жеткізді. Мектеп ішін аралап,кітапханашылармен әңімелесіп,өзінің көрегендігін көрсетті.45 жыл бұрын бітірген түлектер жайында деректер тапса хабарласатынын айтып,жылы жүзбен қош айтысты.Біз, Нұхтар Алтайұлының Елімізге әлі де көп еңбек ететінін сөз саптауынан түсіндік.