19
ноябрь
2018
Жалпыхалықтық диктантты латын тілінде
Анықтама
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік оқу кабинеті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә.Сағынтаевтың төралығымен өткен 2018 жылғы 27 қыркүйектегі Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру, жөніндегі ұлттық комиссия отырысы хаттамасының 2-тармағына сәйкес Жамбыл облысы Меркі ауданы Владимир Савва атындағы №9 ЖББ мектеп-лицейінде «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын» түсіндіру жұмысын жүргізді. Практикалыцқ тұрғыда меңгерілуін нақтылай түсу барысында 14 қараша күні сағат 11.00-де Жалпыхалықтық диктант алынды. Диктант жазуға мұғалімдер, оқушылар және кіші қызметкерлер қатысты. Қатысушылардың саны 218-ге жетті. Осылардың ішінен 123 оқушы, 92 мұғалім және 13 кіші қызметкер Жалпыхалықтық диктантты латын тілінде жазды